2023 жылдың 26 қарашасы мен 1 желтоқсаны аралығында ҚХР-да қазақстандық журналистер үшін пресс-тур ұйымдастырылды

2023 жылдың 26 қарашасы мен 1 желтоқсаны аралығында ҚАЭС Қазақстан Республикасының Энергетика, сонымен бірге Мәдениет және ақпарат министрліктерімен бірлесіп, СNNC Қытай Ұлттық Ядролық корпорациясының қолдауымен ҚХР-да қазақстандық журналистер үшін пресс-тур ұйымдастырды.

Пресс-турға «Khabar 24», «Qazaqstan», «Jibek Joly» телеарналарының, «Egemen Qazaqstan» газетінің, сондай-ақ Baq.kz, El.kz және Nur.kz ақпараттық порталдардың өкілдері қатысты.

Журналистер CNNC және еншілес компаниялардың топ-менеджерлерімен кездесіп, Қытайдың атом энергетикасын дамыту жоспарларымен танысты. Олар 2 атом электр станциясына: жұмыс істеп тұрған «Циньшань» және салынып жатқан «Чжанчжоуға» барды.

Пресс-турдың мақсаты атом энергетикасын дамытудың шетелдік тәжірибесімен таныстыру. Анықтама: CNNC - атом энергетикасы саласында жұмыс істейтін ірі мемлекеттік корпорациясы (уран өндіру және байыту, ядролық отын өндіру, атом электр энергиясын өндіру, Қытайда және шетелде АЭС жобалау және салу). Корпорацияда және оның 110 еншілес құрылымында 100 мыңға жуық қызметкер жұмыс істейді.

Пресс-тур фотосы: Владимир Третьяков/NUR. KZ