«Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС сіздерді кәсіби төл мерекелеріңіз – Атом саласы қызметкерлері күнімен құттықтайды! Атом өнеркәсібі - экономиканың негізгі қозғаушы күші, стратегиялық маңызды және табысты жоғары технологиялық мәнге ие, ғылымды қажетсінетін маңызды сала. Сіздердің атом саласының дамуына қосып жүрген ерен еңбектеріңіз – ғылым мен білім дамуының негізгі алғышарты, еліміздің энергетикалық қауіпсіздігінің басты кепілі. Мереке құтты болсын. Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, жұмыстарыңызға жеміс, еңбектеріңізге табыс тілейміз.