Алматыда өтіп жатқан "World Nuclear Spotlight" халықаралық конференциясының аясында кореялық Korea hydro & Nuclear Power корпорациясы (KHNP) және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі өкілдерінің, сондай-ақ "Самұрық-Қазына" АҚ және "ҚАЭС" ЖШС өкілдерінің кездесуі өтті.
Корея тарапының делегациясын шетелдік бизнес мәселелері жөніндегі Атқарушы вице-президент Ин-сик Пак басқарды.
Кездесуде тараптар атом өнеркәсібіндегі екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын және оны одан әрі нығайту шараларын талқылады.
Атап айтқанда, Корея корпорациясының өзінің шетелдік АЭС салу жобалары үшін кадрлар даярлау мәселелері, Оңтүстік Кореяның өз атом саласын дамыту жөніндегі жоспарлары қаралды. Қазақстандық тарап Кореяның шағын модульдік реакторларды әзірлеу саласындағы тәжірибесін зерделеуге қызығушылық танытты.
Ин-сик Парк мырза корей тарапының Қазақстанмен атом энергетикасы саласындағы әріптестік қатынастарды одан әрі дамытуға дайындығын білдірді.
Кездесу стратегиялық маңызды салаларда технологияларды дамытуға және тәжірибе алмасуға ықпал ететін Қазақстан-Корея қарым-қатынасының жоғары деңгейінің тағы бір дәлелі болды.