24 маусымда «ҚАЭС» ЖШС қызметкерлері және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің өкілдері венгриялық серіктестермен онлайн кездесуге қатысты. Кездесу барысында кадрларды даярлау саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселесі талқыланды. Нақтырақ айтқанда, "ПАКШ" АЭС мамандарының сол мемлекетте өндірістік тәжірбиеден өтуі және қазақстандық жастарды Венгрия университеттерінде оқыту жайы қаралды. Венгрия тарапынан Венгрия ғылым академиясының энергетикалық зерттеулер зертханасының меңгерушісі Томаш Пазманди қатысты. Ол өз сөзінде аталған мемлекеттер арасындағы бұл екіжақты ынтымақтастық - атом энергетикасы саласындағы білім алмасуды жеңілдететініне зор сенім бар деді. Сондай-ақ, ол Қазақстан мен Венгрия арасында көптеген ортақ мүдделер бар екенін атап өтіп, өзара тәжірибе алмасуға жәрдемдесуге ниет білдірді.