Алматыда Қазақстандағы атом энергетикасының даму перспективалары талқыланды

15 мамырда Алматыда «Уран және сирек металдар өнеркәсібін дамыту» XI халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында «Атом энергетикасы және оның ресурстық базасын дамыту» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті. Шара ұйымдастырушылары - «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС, «New Nuclear Watch Institute» және Қазақстан-Британ техникалық университеті. Дөңгелек үстел қатысушылары еліміздің энергетикалық саясатының негізгі бағыттарының бірі ретінде Қазақстандағы атом энергетикасын дамыту перспективаларын және бірінші атом электр стансасының құрылысын талқылады.

Спикерлер ретінде Ұлттық ядролық орталықтың, Ядролық физика институтының, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, Ядролық технологиялардың қауіпсіздік Ғылыми-техникалық орталығының және «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС өкілдері, Иордания, Ресей, Монғолия және Оңтүстік Кореяның сарапшылары қатысқан. «Соңғы жылдары елімізде электр энергиясын тұтыну айтарлықтай өсті және оның тапшылығы тек арта бермек. Негізгі энергия өндірудің баламалы көздерін іздеу барысында заманауи, қауіпсіз атом электр станциясын салу мүмкіндігі зерттелуде.

Атом электр стансасын салу мәселесі бірнеше жылдан бері күн тәртібінен түспей келеді, біздің азаматтардың пікірін ескере отырып, ел басшылығы бұл мәселені референдумға шығаруды ұсынды. Атом электр стансасы жобасының қоршаған ортаға тигізетін әсері, тұрғындар мен қоршаған орта қауіпсіздігінің кепілдіктері туралы қазірдің өзінде еліміздің өңірлерінде қоғамдық талқылаулар өткізіп жатырмыз.» – деп атап өтті «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС бас директоры Тимур Жантикин. Сондай-ақ, күн тәртібінде ядролық технологиялардың қауіпсіздігі, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы нормативтік-құқықтық база, Қазақстандағы уран өндіру стратегиясы және осы салаға инвестиция тарту мүмкіндіктері сынды мәселелері де көтерлген болатын.

«Қазақстанның 4 ғылыми-зерттеу реакторын және BN-350 натрий салқындатқышы бар әлемдегі алғашқы пилоттық өнеркәсіптік жылдам нейтронды қуат реакторын ақаусыз пайдалануда үлкен тәжірибесі бар. Қазақстан уранның дәлелденген қоры бойынша екінші орында және өндірілген табиғи уран көлемі бойынша әлемде бірінші орында, сондай-ақ ядролық отын компоненттерінің өзіндік өндірісі бар, изотоптар мен радиофармацевтикалық препараттар өндірісі жақсы жолға қойылған.

«ҮМЗ» АҚ қазіргі кезде МАГАТЭ-нің төмен байытылған уран банкімен қауіпсіз жұмыс істейді. Атом өнеркәсібі үшін кадрлар даярлау болса, Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы мен Ядролық Физика Институты, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК акционерлік қоғамы және республикадағы жоғары оқу орындарының мамандандырылған кафедраларының филиалдары базасында жүзеге асырылады. Осының барлығы Қазақстан Республикасының ядролық технологиялардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жеткілікті тәжірибесі бар және бұл тәжірибені атом электр станцияларын салу үшін пайдалануға дайын деп айтуға мүмкіндік береді.» – деп атап өтті өз сөзінде Ядролық технолгиялар қауіпсіздік Ғылыми-техникалық орталығының атқарушы директоры Ирина Тәжібаева.

«Біздің елімізде де, Қазақстандағы сияқты, атом электр станциясын салу мәселесі белсенді түрде талқылануда, Иордания теңіз суын тұщыту қажеттіліктері үшін АЭС салу жоспарынан бас тартқан жоқ, біз бұл мәселені зерттеп сараптам жүрміз, сондықтан бұл мәселеде Қазақстанның тәжірибесі біз үшін өте маңызды, - деп бөлісті оз пікірімен Иордан Ұлттық уран компаниясының басшысы («JUMCO») Мохаммад Аль-Шаннак.

Шара барысында қоғамда аса өзеткі тақырып Қазақстандағы бірінші атом электр стансасының құрылысы жайында пікірлер және идеялармен алмасу мүмкіндігі туындады, сондай-ақ атом саласын дамыту бойынша сараптамалық ұсыныстар берілген болатын.