Assystem француз компаниясының АЭС құрылысы жобасының ынтымақтастық қағидаттары бойынша семинары

Француздық Аssystem компаниясының Астанада өткен семинары аяқталды, оған ҚР Энергетика министрлігінің өкілдерімен қоса, "ҚАЭС" ЖШС басшылығы мен қызметкерлері қатысты.

Assystem сарапшылары АЭС жобасын іске асырудың негізгі кезеңдерін, сондай-ақ қажетті нормативтік-құқықтық базаны әзірлеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі айтып берді. Сонымен қатар, олар Түркиядағы "Аккую" атом электр станциясының мысалында атом электр станциясының құрылыс алаңын таңдау бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

Анықтама: Assystem компаниясы әлемнің 14 елінде "инновациялық технологияларды қолдана отырып" электр желілері мен энергетика объектілерінің барлық түрлерін жобалаумен 55 жылдан бері айналысып келе жатқан француз ұйымы болып табылады. Ол атом энергетикасы саласындағы ең ірі халықаралық компаниялардың үштігіне кіреді. Assystem штаты 6500 қызметкерді құрайды, олардың ішінде 400-ге жуығы ядролық инженерлер.