Қазақстан мен Франция су ресурстарын басқару саласында ынтымақтастық орнатты

Қазақстан делегациясының су ресурстарын басқару саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Францияға сапары сәтті аяқталды. Аталған іс-сапар кезінде Экологиялық және аумақтық бірлік министрлігі, Сена-Нормандия бассейндік су агенттігінің, Геологиялық және тау-кен зерттеулер бюросының (BRGM), Табиғи және су тәуекелдерін бағалау дирекциясының (DGPR) өкілдерімен сондай-ақ мамандандырылған инновациялық француз кәсіпорындары мен мекемелері қызметкерлерімен келелі кездесулер өтті. Одан бөлек осы сапар аясында «ҚАЭС» ЖШС Бас директоры Тимур Жантикин француздың әйгілі Assystem инжинирингтік компаниясының өкілдерімен кездесті, олармен Қазақстанда атом электр станциясын салу жобасы бойынша ықтимал ынтымақтастық мәселелерін талқылады.