КАЭС өкілдерінің американдық NAC International және Tour Altai Nuclear Consulting компаниясымен кездесуі өтті

Алматыда өтіп жатқан "World Nuclear Spotlight Kazakhstan" конференциясы аясында ҚАЭС өкілдерінің американдық NAC International және TOR Altay Nuclear Consulting компанияларымен кездесуі өтті. Кездесуде қатысушылар ынтымақтастықтың бірқатар негізгі жобалары мен оны нығайтудағы қадамдардын талқылады.

Атап айтқанда, Қазақстанның көмір жылу электр станцияларын шағын модульдік реакторларға (ШМР) көшіру жөніндегі жоспарлар, Қазақстанда жаңа АЭС құрылысының оңтайлы орнын анықтау үшін қажетті зерттеу құжаттарын әзірлеу және энергетика саласындағы ынтымақтастықтың басқа да потенциалды жобалары қаралды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар атом энергиясын пайдалану және Қазақстанда көміртегі шығарындыларын азайту саласындағы ынтымақтастықты ілгерілету мақсатында аталған жобалармен бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.