Бүгін халықаралық сарапшылар АЭХА-ның SEED миссиясы шеңберінде АЭС салудың әлеуетті ауданы Алматы облысы Үлкен кентіне барды. Сонымен қатар делегация Үлкеннің метеорологиялық және сейсмологиялық станцияларына барып қайтты.
АЭХА сарапшылары SEED миссиясының қорытындылары бойынша АЭС салу ауданын таңдау бойынша өз бағалары мен ұсынымдарын береді.