АЭС - елдің энергетикалық қауіпсіздігінің негізі

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де "АЭС - елдің энергетикалық қауіпсіздігінің негізі" атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны "ҚАЭС" ЖШС мен ЕҰУ бірлесіп ұйымдастырды.

Іс-шараға Энергетика министрлігінің, "Қазақстандық атом электр станциялары" ЖШС мамандары, энергетиктер, ядролық физика ғалымдары, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ оқытушылары, докторанттары, магистранттары қатысты. Модератор физика-техникалық факультетінің деканы Ерік Нұрмолдин болды.

ҚР Энергетика министрлігі Атом энергетикасы және өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары Гүлмира Мұрсалова Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы байқалатынын және АЭС электр энергиясының тұрақты базалық генерациясын қамтамасыз етуге көмектесетінін айтты.

"ҚАЭС" ЖШС Бас директоры Тимур Жантикин Қазақстанда АЭС салу жобасы, атом станциясының техникалық аспектілері мен экологияға әсері туралы айтып берді.

Дөңгелек үстелде физик-ғалымдар, ЕҰУ энергетиктері сөз сөйледі. Сондай-ақ ядролық технологиялардың қауіпсіздігі мәселелері қаралды.