Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінде «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС Бас директоры Тимур Жантикиннің көшбасшылық дәрісі өтті. Дәріс «Қазақстанда атом энергетикасының даму перспективалары» тақырыбына арналған. Дәріске 150-ден астам студент қатысты.
Сонымен қатар, іс-шараға университеттің Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Мақсат Карибаев, Ғылым департаментінің директоры Шыңғыс Сүлейменов, Инженерлік-технологиялық факультетінің деканы Гүлнұр Нұрымхан, «Техникалық физика және жылуэнергетика» кафедрасының оқытушылары және University of Pannonia (Венгрия) профессоры Татьяна Жузсакова қатысты.