Түркістан облысының тұрғындарымен Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша жария талқылау өтті

Түркістанда Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесі бойынша жария талқылау өтті.

Жергілікті тұрғындармен және қоғам қайраткерлерімен кездесуге арнайы келген атом саласының мамандары сөз сөйлеп, жаһандық атом энергетикасының жағдайымен және заманауи қауіпсіз ядролық технологиялар арқылы Қазақстанның энергия тапшылығын азайту жоспарларымен бөлісті.

Сондай-ақ кездесуде аталмыш салаға кадрлар даярлауға және АЭС салудан түсетін әлеуметтік-экономикалық тиімділікке ерекше көңіл бөлінді.

Бұл кездесу Түркістан облысының тұрғындарына атом энергетикасы туралы толығырақ түсінік алуға, өз пікірлерін білдіріп, мамандарға сұрақтар қоюға мүмкіндік берді.