Атом энергетикасы» тақырыбында интеллектуалды квиз өтті

Журналистер және блогерлер арасында «Атом энергетикасы» тақырыбындағы интеллектуалды квиз өтті. 70-тен аса қатысушы бас қосқан ойынға 15 команда қатысты.

Ойын барысында атом энергетикасы аясында сұрақтар қойылды. Квиз ойынының мақсаты - бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, журналистер мен блогерлер қауымын атом энергетикасы тақырыбымен кеңінен ақпараттандыру.

Ойын өте қызықты әрі тартысты өтті. Жеңімпаздар: I орын — «Braınstorm» командасы; II орын — «Quız on Aır» командасы; III орын — «Өр-өрме» командасы.

Жеңімпаздарға қаржылай сертификаттар және «ҚАЭС» ЖШС бренд өнімдері табысталды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!