Компания туралы
«Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС («ҚАЭС» ЖШС) 2014 жылы Қазақстан Республикасында атом электр станцияларын салу жөніндегі бірінші кезектегі іс-шаралар жоспарына (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 60-ө өкімімен бекітілген) сәйкес құрылыс бойынша жобалау алдындағы (ТЭН) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларын әзірлеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасында АЭС салу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында құрылды.
«ҚАЭС» ЖШС «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның 100% еншілес ұйымы болып табылады.
«ҚАЭС» ЖШС қызметінің түрлері:
Қосымша ақпарат
«ҚАЭС» ЖШС штаты атом саласында және дәстүрлі электр энергетикасында бейінді білімі мен жұмыс тәжірибесі бар мамандармен жасақталған. Қазіргі уақытта компания Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс – шаралар жоспарына сәйкес АЭС-тің құрылыс мерзімі, салу орны және қуат көлемі бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар дайындауда.