Меню KDT

Техникалық жұмыстар жүргізілуде

Сайт уақытша қолжетімсіз. Түсіністікпен қарағаныңызға рахмет.

Сайттың барлық бөлімдері
Басты бет / Басты бет Басты бет
Басты бет / ҚАЭС туралы ҚАЭС туралы
Басты бет / Атом энергетикасы Атом энергетикасы
Басты бет / Жобалар Жобалар
Басты бет / Қауіпсіздік Қауіпсіздік
Басты бет / Экология Экология
Басты бет / Қоғам Қоғам
Басты бет / Мансап Мансап

Баспасөз орталығы

«ҚАЭС» ЖШС жаңалықтары, оқиғалары және баспасөз-релиздері

Назад к списку новостей

2024 жылдың қараша айында Ташкент қаласында «Ядролық көкжиектер: Шағын модульдік реакторлар (ШМР) мен біріктірілген энергетикалық жүйелерді енгізу» атты конференция өтті. Бұл шара New Nuclear Watch Institute (NNWI) қолдауымен ұйымдастырылып, оған Өзбекстан мен Қазақстанның атом энергетикасы саласындағы ұйымдарының басшылары қатысты.

25.11.2024 в 11:19 daniil.slychenyuk 422 просмотров

Конференция барысында сарапшылар шағын модульдік реакторларды (ШМР) энергетикалық желілермен интеграциялау мәселелерін, тұрақты және сенімді энергетикалық жүйені қолдау үшін қажетті инфрақұрылымды талқылады, сондай-ақ осы саладағы технологиялық жетістіктерімен бөлісті.

Конференция аясында панельдік сессиялар ұйымдастырылды. Оларға ҚР Энергетика министрлігінің, Өзбекстанның Ұлттық Энергетиктер қауымдастығының және басқа да салалық ведомстволардың өкілдері қатысты.

Сонымен қатар, конференцияда Қазақстанның жаһандық уран өндірушілерінің бірі ретінде алатын орны және елде атом электр станциясын салу жоспарлары туралы сөз қозғалды.

Конференцияда Қазақстанда өткен референдум нәтижесінде азаматтардың 70%-дан астамы жаңа атом станциясын салуды қолдағаны атап өтілді. Панельдік сессияларда ШМР-ді энергетикалық желілермен интеграциялау мәселелері жан-жақты қарастырылды. Қатысушылар тұрақты және сенімді энергетикалық жүйені қолдау үшін қажетті инфрақұрылымды дамыту бағытындағы ынтымақтастықтың маңызды аспектілерін талқылады.

Сарапшылар атом энергиясының жаһандық климаттық мақсаттарға қол жеткізудегі рөлін ерекше атап өтті. Өңір ғалымдары энергетикалық жүйелердің қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, конференцияда елдер арасындағы ынтымақтастықтың өңірлік энергетикалық жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етудегі маңыздылығы да баса айтылды.