Меню KDT

Техникалық жұмыстар жүргізілуде

Сайт уақытша қолжетімсіз. Түсіністікпен қарағаныңызға рахмет.

Сайттың барлық бөлімдері
Басты бет / Басты бет Басты бет
Басты бет / ҚАЭС туралы ҚАЭС туралы
Басты бет / Атом энергетикасы Атом энергетикасы
Басты бет / Жобалар Жобалар
Басты бет / Қауіпсіздік Қауіпсіздік
Басты бет / Экология Экология
Басты бет / Қоғам Қоғам
Басты бет / Мансап Мансап

Баспасөз орталығы

«ҚАЭС» ЖШС жаңалықтары, оқиғалары және баспасөз-релиздері

Назад к списку новостей

«ҚАЭС» ЖШС Бас директорының орынбасары Ринат Оқасов Өзбекстан Республикасының Самарқанд қаласында өтіп жатқан «Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің тұрақты дамуында атом энергетикасын бейбіт мақсатта пайдалану перспективалары: халықаралық және ұлттық тәжірибе» тақырыбындағы халықаралық конференцияға қатысуда.

06.12.2024 в 10:33 daniil.slychenyuk 442 просмотров
«ҚАЭС» ЖШС Бас директорының орынбасары Ринат Оқасов Өзбекстан Республикасының Самарқанд қаласында өтіп жатқан «Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің тұрақты дамуында атом энергетикасын бейбіт мақсатта пайдалану перспективалары: халықаралық және ұлттық тәжірибе» тақырыбындағы халықаралық конференцияға қатысуда.
Translator
 
Конференция Өзбекстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинеті және Министрлер Кабинеті жанындағы Атом энергиясы агенттігі тарапынан ұйымдастырылған.

Форумды Өзбекстан Президентінің Баспасөз хатшысы Шерзод Асадов Шавкат Мирзиёевтің қатысушыларға арнаған жолдауын оқып, ашып берді. Онда халықаралық серіктестермен өзара іс-қимылды кеңейту, пікір алмасу және тәжірибе бөлісу маңыздылығы атап өтілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – халықаралық ынтымақтастықты нығайту, шағын қуатты атом станцияларын (ШҚАС) салуды заңнамалық және институционалдық реттеу, қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету және атом энергиясын түрлі салаларда қолдануға байланысты негізгі мәселелерді талқылау.

Келелі кеңеске Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің, Орталық және Оңтүстік Азия елдерінің, Таяу Шығыс өкілдері, сондай-ақ АҚХА мен Халықаралық атом энергиясы қауымдастығының (WNA) өкілдері қатысуда.

Бұл шара бес панельдік сессияны қамтиды, олардың әрқайсысы атом энергетикасының өзекті аспектілеріне арналған. Сонымен қатар, конференция барысында агенттіктер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері арасында екіжақты кездесулер мен келіссөздер өтуде.

Конференция бейбіт мақсатта атом энергиясын қауіпсіз және тиімді пайдалану стратегияларын талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.