Меню KDT

Новости

Новости и события КАЭС

Блогеры, журналисты Алматинской области ознакомились с работой исследовательского реактора ВВР-К Института ядерной физики г. Алматы

1728477441760186.jpg

«ВВР-K зерттеу реакторының жұмысы 1967 жылы басталды. ВВР-K реакторы нейтрондардың жылу энергия спектрі бар резервуар түріндегі көп мақсатты зерттеу реакторы. Реактор ядролық және термоядролық реакторларға арналған перспективалық материалдарды сынау үшін, медицина мен өнеркәсіп үшін радиоизотоптар алу үшін, әртүрлі материалдардың элементтік құрамының нейтрондық активтендіру талдауын жүргізу үшін, бұзылмайтын әдіспен объектілердің ішкі құрылымын зерттеу үшін пайдаланылады», - деп атап өтті баспасөз турына қатысушыларға Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев.

Сондай-ақ блогерлер мен журналистер реактордың технологиялық жүйелерімен және критикалық стенд қондырғыларының, «ыстық» камералар мен химиялық жәшіктердің, нейтрондық радиографияның жұмысымен танысты.

Сонымен қатар, пресс-турға қатысушылар ядролық физика, қатты дененің радиациялық физикасы кафедраларында, үдеткіш технологиялар ғылыми-техникалық бөлімінде және Кешенді экологиялық зерттеулер орталығында болды.

Пресс-турды «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС және Ядролық физика институтымен бірлесе ұйымдастырды.