Ақтөбеде атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жария талқылау өтті
2024 жылғы 12 шілдеде Ақтөбе қаласында облыстық ардагерлер кеңесінің бастамасымен Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу жөніндегі жоспарлар бойынша жария талқылау өтті. Жария талқылауға облыс орталығының тұрғындары, қоғам қайраткерлері мен экологтар, сондай-ақ Энергетика министрлігінің, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС, Ұлттық ядролық орталық және Ядролық физика институтының өкілдері қатысты. Талқылау барысында қазіргі атом станцияларының қауіпсіздігі, олардың жұмыс істеу принциптері және қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсер ету деңгейі бойынша мәселелер талқыланды. ҚР ЭМ Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары Гүлмира Мурсалова өз сөзінде атом электр станциясының құрылысы елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызды екенін атап өтті. «Белсенді генераторлық көздер ең жоғары жүктемелерді қамтымайды. Қазақстандандағы электр станциялар, олардың көпшілігі көмір электр станциялар, өткен ғасырдың 70-80 жылдарынан бастап жұмыс істейді. Олар алдағы жылдары өз ресурстарын сарқып жатыр, сондықтан оларды біртіндеп пайдаланудан шығару керек. Қазірдің өзінде олардың тозуы 70% - дан асады. Бұл ретте энергия тұтыну жыл сайын өсуде. АЭС көмірсутек ресурстары мен энергияны сырттан тұтынуды азайтатын сенімді энергия көзі болып табылады. Энергия тұтынудың артуы және төмен көміртекті экономикаға көшу қажеттілігі жағдайында атом энергетикасы оңтайлы шешім болып табылады», - деп түсіндірді Гүлмира Мурсалова. Өз кезегінде, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС Бас директоры Тимур Жантикин қазіргі уақытта атом электр станциясының әлеуетті құрылысы үшін аудан таңдау бойынша зерттеулер жүргізілгенін атап өтті.