Меню KDT

Жаңалықтар

КАЭС жаңалықтары мен оқиғалары

"КАЭС" ЖШС өкілдерінің KEPCO KPS және KOTRA ұйымының өкілдерімен кездесуі

1727870220327814.jpg

ҚАЭС компаниясының өкілдері атом энергетикасы саласындағы екіжақты ынтымақтастықты талқылау үшін Оңтүстік Кореялық KEPCO KPS компаниясымен және Астана қаласындағы "KOTRA" ұйымымен кездесті.

KEPCO KPS президенті және CEO Хонг-Юн Ким мырза KEPCO KPS қызметі туралы ақпаратпен бөлісті және осы саладағы жобалар бойынша Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін білдірді. Сондай-ақ, Ким мырза қазақстандық делегацияны атом энергетикасы жөніндегі компанияның қызметімен танысу үшін Оңтүстік Кореяға баруға шақырды.

Тимур Жантикин қонақтарды Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша жобаның іске асырылу барысы туралы хабардар етті және корей әріптестерімен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Тараптар атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету және тәжірибе алмасу туралы келісті.