Меню KDT

Жаңалықтар

КАЭС жаңалықтары мен оқиғалары

Тимур Жантикин ҚР Ұлыбритания Елшілігінің экономика және климаттың өзгеруі жөніндегі бірінші хатшысы Селена Макгиннесспен кездесу өткізді.

1727870308795897.jpg

«ҚАЭС» ЖШС Бас директоры Тимур Жантикин Қазақстан Республикасындағы Ұлыбритания Елшілігінің экономика және климаттың өзгеруі жөніндегі бірінші хатшысы Селена Макгиннесспен (Selena McGuinness) кездесу өткізді.

Тараптар экология, климаттың өзгеруі және кадрлар даярлау мәселелерін қоса алғанда, Қазақстанда АЭС салу жобасының ағымдағы мәртебесін талқылады. Ұлыбритания елшілігі АЭС жобасына мамандар даярлау мәселелері бойынша көмек көрсетуге дайын екендігін білдірді.