«ҚАЭС» ЖШС ASSYSTEM КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Тәуелсіз инженерлік консалтинг саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі француздық Assystem компаниясының делегациясы Астанаға ресми іс-сапармен келді. Сапар барысында Assystem делегациясы «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС өкілдерімен кездесу өткізді.
Келелі кеңесте маңызды өзекті мәслелер талқыланды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасында атом электр станциясын (АЭС) салу жобасы аясында Assystem компаниясы тарапынан кеңес беру және қолдау көрсету мүмкіндіктері және алдағы ынтымақтастықтың перспективалары қаралды.
Айта кетейік, Assystem компаниясы өкілдерінің сапары Қазақстанда атом энергетикасы саласында бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін зерттеу және ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды қадам саналады.
Өз кезегінде, Assystem өкілдері өздерінің халықаралық тәжірибесіменбөлісуге дайын екендіктерін жеткізді.
Assystem — әлемдегі үшінші ірі тәуелсіз инженерлік топ, штаб-пәтері Парижде орналасқан. Компания 1966 жылы құрылған, онда жұмыс істейтін қызметкерлер саны 7 000-нан асады. Негізінен атом өнеркәсібі саласында жобалау, құрылыс, техникалық қадағалау, іске қосу және күрделі нысандар мен өндірістік инфрақұрылымдарды пайдалану бойынша қызметтер көрсетеді.