Меню KDT

Жаңалықтар

КАЭС жаңалықтары мен оқиғалары

«Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС мен француздық Assystem компаниясының өкілдері арасында онлайн келіссөздер өтті

1731496494819420.jpeg

Кездесу барысында тараптар Қазақстанда атом электр станциясын салу жобасы аясындағы техникалық консалтинг мәселелеріне ерекше назар аудара отырып, екіжақты ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Талқылау барысында ықтимал ынтымақтастықтың негізгі аспектілері, соның ішінде халықаралық практика, қауіпсіздік саласындағы озық технологиялар мен стандарттарды қолдану, сондай-ақ жобалау және атом электр станциясын салу кезеңдерінің барлығында әлемдік үздік тәжірибелерді енгізу мәселелері қамтылды.

Анықтама үшін: Assystem – штаб-пәтері Парижде орналасқан. Аталған компания әлемдегі тәуелсіз үшінші ірі инженерлік топқа жатады. Негізінен олар атом саласында жобалау, құрылыс, іске қосу және күрделі нысандар мен өндірістік инфрақұрылымдарды пайдалану бойынша қызметтер көрсетеді.