Меню KDT

Жаңалықтар

КАЭС жаңалықтары мен оқиғалары

«ҚАЭС» ЖШС-нің Бас директоры Т. Жантикин Корея Республикасының Қазақстандағы елшісінің кеңесшісімен, сондай-ақ KOTRA агенттігімен кездесті

1738931266033655.jpeg

Кездесу барысында Қазақстанда АЭС салу жобасын іске асырудың қазіргі жағдайы талқыланды. Тараптар Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мүмкіндіктерін қарастырды. Кездесуде талқыланған маңызды мәселелердің бірі – «ҚАЭС» ЖШС-нің кореялық тарап ұйымдастыратын алдағы іс-шаралар мен форумдарға қатысуы болды.

Аталған шарада компания Қазақстандағы атом энергетикасын дамыту тәжірибесі мен көзқарасын бөлісе алады. Сонымен қатар, бұл кездесулер Қазақстан мен Корея арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға және атом саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін болады.

Ерекше назар «ҚАЭС» ЖШС мен KOTRA арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою мәселесіне аударылды. Бұл меморандум атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты дамыту үшін екі тарапқа да қосымша мүмкіндіктер жасайды.

«Біз тәжірибе алмасуға, үздік тәжірибелерді енгізуге және энергетика саласын дамытуға ықпал ететін жаңа мүмкіндіктерді іздеуге дайынбыз», – деп атап өтті «ҚАЭС» ЖШС Бас директоры Тимур Жантикин.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар атом саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.