Меню KDT

Жаңалықтар

КАЭС жаңалықтары мен оқиғалары

«ҚАЭС» ЖШС және «Самұрық-Қазына» АҚ KHNP бас директоры Чухо Уанг мырзамен Қазақстандағы АЭС құрылысы жобасы бойынша келіссөз жүргізді

1747893725583918.jpeg

Өзара құрмет пен конструктивті диалог жағдайында өткен келелі кеңесте Чухо Уанг мырза KHNP компаниясы Қазақстандағы атом энергетикасы саласындағы сенімді стратегиялық серіктес болуға дайын екенін жеткізді. «Біз өзіміздің көпжылдық тәжірибеміз бен жоғары технологияларымызды ұсынып қана қоймай, қазақстандық тарапқа кез келген мәселелерді шешуде қолдау көрсетуге сондай-ақ, жобаны жүзеге асырудың барлық кезеңдерінде көмек беруге әзірміз», — деп атап өтті ол.

Өз кезегінде, «ҚАЭС» ЖШС Бас директоры Тимур Жантикин делегация мүшелеріне алғыс білдіріп, Қазақстан үшін аталған компанияның стратегиялық маңыздылығы зор екенін айтты. Тимур Жантикин еліміздегі АЭС құрылысы жобасының қазіргі жағдайы туралы сөз қозғап, бүгінде жоба белсенді даму кезеңінде екенін жеткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара ынтымақтастықты жалғастыруға сондай-ақ, болашақта бірлескен іс-шаралар өткізуге және алда тағы бірқатар іс-сапар ұйымдастыру мүмкіндігін талқылауға уағдаласты.