Меню KDT

Жаңалықтар

КАЭС жаңалықтары мен оқиғалары

АЭХА атом энергетикасы саласындағы ұлттық бағдарламаларды қалыптастыру және бағалау тәсілдерін түсіндірді

1753266077157652.jpeg

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігі (АЭХА) ТМД елдерінің ұлттық ядролық инфрақұрылымдарын қалыптастыру мәселелері жөніндегі Базалық ұйыммен бірлесіп, атом энергетикасы саласындағы ұлттық бағдарламаларды қалыптастыру және бағалаудың заманауи тәсілдеріне арналған вебинар өткізді.

Іс-шараға «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС қызметкерлері, сондай-ақ ТМД елдерінің ұлттық агенттіктерінің, реттеуші органдарының, пайдаланушы ұйымдарының, ғылыми және білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты.

Вебинар спикерлері АЭХА-ның кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын 19 инфрақұрылымдық бағытқа негізделген негізгі тәсілін, ядролық инфрақұрылымды дамыту бойынша кешенді жұмыс жоспарларын құруды, цифрлық құралдарды қолдану, шағын модульдік реакторлар жобаларын қолдау және халықаралық оқу орталықтары арқылы кадрлық қамтамасыз ету мәселелерін қамтитын баяндамалар ұсынды.

АЭХА-ның АЭС салуға және пайдалануға дайындығын бағалау тәсілдері ерекше қызығушылық тудырды. Бұл тәсілдер жобаның бастапқы кезеңдерінде тәуекелдерді басқару және салмақты шешімдер қабылдау үшін маңызды элементтерді анықтауға мүмкіндік беретін кешенді әдістемені қамтиды.

Сонымен қатар, вебинарға қатысу «ҚАЭС» ЖШС мамандарына атом инфрақұрылымын дамытудағы үздік халықаралық тәжірибе және өзекті құралдармен танысуға ғана емес, сондай-ақ ТМД елдеріндегі әріптестерімен тәжірибе алмасуға және халықаралық тәсілдерді ұлттық стандарттарға бейімдеу бойынша ұсыныстар алуға мүмкіндік берді.