Меню KDT

Құрметті әріптестер, серіктестер және сайтқа келушілер!

«КАЭС» ЖШС үшін заңнаманы, іскерлік әдеп қағидаттарын, адалдық пен ашықтық қағидаларын сақтау – қызметіміздің ажырамас бөлігі.

Біз тиімді комплаенс – бұл тек белгіленген талаптар мен тыйымдарды сақтау ғана емес деп санаймыз. Бұл, ең алдымен, әрбір қызметкер сыбайлас жемқорлықтың, мүдделер қақтығысының және өзге де бұзушылықтардың алдын алудағы өз рөлін түсінетін жауапты шешімдер қабылдау мәдениеті.

«КАЭС» ЖШС Комплаенс қызметі тәуелсіздік, объективтілік және кәсібилік қағидаттарына сүйене отырып жұмыс істейді. Біздің міндетіміз – комплаенс-тәуекелдерді уақтылы анықтау және олардың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал ету, мүдделер қақтығысының алдын алу тетіктерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету, контрагенттердің сенімділігін бағалау, сондай-ақ қызметкерлер мен басшылыққа белгіленген талаптарды сақтау мәселелері бойынша консультациялық қолдау көрсету.

Біз үшін ашық диалог пен өзара сенімнің маңызы ерекше.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, мүдделер қақтығысы, өкілеттіктерді теріс пайдалану, іскерлік әдеп нормаларын бұзу немесе «КАЭС» ЖШС-нің заңнамасына не ішкі құжаттарына қайшы келуі мүмкін өзге де әрекеттер туралы мәлімет белгілі болса, бұл туралы сайтта көрсетілген байланыс арналары арқылы Комплаенс қызметіне, сондай-ақ бірыңғай «жедел желіге» – hotline@atom.gov.kz электрондық поштасы арқылы хабарлай аласыз.

Келіп түскен барлық өтініштер белгіленген тәртіппен объективті және құпия түрде қаралады.

Біз сондай-ақ консультация беруге әрдайым дайынбыз. Егер белгілі бір шешімнің немесе әрекеттің заңнама талаптарына, іскерлік әдеп қағидаттарына немесе ішкі қағидаларға сәйкестігіне күмәндансаңыз, шешім қабылдағанға дейін консультация алу үшін жүгінген жөн.

Біздің мақсатымыз – бұзушылықтарға тек ден қою ғана емес, тәуекелдер алдын ала анықталатын, күрделі мәселелерді ашық талқылауға болатын және адал мінез-құлық жалпыға ортақ норма болып табылатын ортаны қалыптастыру.

Комплаенс – әрқайсымыздың жауапкершілігіміз және Компанияға деген сенімнің негізі.


Комплаенс қызметінің басшысы: Дәурен Ақшалов

Электрондық пошта: d.akshalov@knpp.kz