Меню KDT

Жаңалықтар

КАЭС жаңалықтары мен оқиғалары

Астанада халықаралық сарапшылардың қатысуымен атом энергетикасы саласындағы кадр даярлаудың негізгі мәселелері талқыланды

1–5 желтоқсан аралығында Астанада Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (АЭХА) ұйымдастырған адами ресурстары мен кадрлық әлеуетті дамыту жөніндегі жоспарлау мәселелеріне арналған семинар өтуде. Семинарды Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС-мен (ҚАЭС) бірлесіп ұйымдастыруда. Іс-шараға Ресей, Венгрия және Беларусь елдерінен келген АЭХА сарапшылары қатысуда.

Толығырақ

Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Үкіметпен бірлесіп АЭС салу кезіндегі оқшаулауды дамытуға арналған Кешенді жоспар жобасы бойынша жұмысты бастады

Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінде бірінші атом электр станциясының құрылысы аясындағы өндірісті оқшаулау мәселелеріне арналған кеңес өтті. Талқылаудың негізгі өзегі – отандық кәсіпорындардың жобаға қатысуы, технологиялар трансферті, жергілікті өнеркәсіпті қолдау және жаңа жұмыс орындарын құру.

Толығырақ

«Балқаш» атом электр станциясы - Қазақстандағы алғашқы АЭС-тің атауы болады

Қазақстанда елдегі алғашқы атом электр станциясына үздік атау беру бойынша жалпы халықтық конкурс аяқталды. Конкурс Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 11 тамыздағы бастамасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылып, 2025 жылдың 25 қыркүйегі мен 10 қазаны аралығында eGov Mobile платформасында өтті.

Толығырақ

Қазақстан алғаш рет Париждегі Дүниежүзілік ядролық көрмесіне қатысты

Қазақстан биыл алғаш рет Парижде өтіп жатқан World Nuclear Exhibition 2025 – Дүниежүзілік ядролық көрмесіне қатысты. Бұл – ядролық энергетика саласындағы ең ірі халықаралық іс-шаралардың бірі. Көрмеге жетекші энергетикалық компаниялардың басшылары, мемлекеттік органдардың өкілдері мен халықаралық ұйымдар жиналды

Толығырақ

Астанада АЭС операторлары мен иелеріне арналған АЭХА семинары аяқталды

Астанада Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (АЭХА) ұйымдастырған бес күндік оқу семинары өз жұмысын аяқтады. Семинар атом электр станцияларының  иелері мен операторларының рөлдері мен міндеттерін айқындауға арналды.

Толығырақ