Меню KDT

Жаңалықтар

КАЭС жаңалықтары мен оқиғалары

ЕЛ КЕЛЕШЕГІ БІЛІМДІ ҰРПАҚТЫҢ ҚОЛЫНДА: ИНЖЕНЕРМЕН КЕЗДЕСУ

1732509990981561.jpeg

Бүгін, 2024 жылғы 22 қарашада, Астана халықаралық мектебінде «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС жетекші инженері Құмар Аусеновтің оқушылармен кездесуі өтті. Іс-шара ғылымды насихаттауға, жастардың энергетика саласына, сондай-ақ экология мен тұрақты даму мәселелеріне деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.

Кездесу барысында Құмар Аусенов «Атом энергетикасы: қалай және не үшін» тақырыбында баяндама оқып, оқушыларға атом саласының негізгі аспектілерін кеңінен түсіндірді. Баяндамада атом энергетикасының отын циклінің барлық кезеңдері, атап айтқанда уран өндіруден бастап, оны қайта өңдеу және қауіпсіз пайдалану мәселелері түгел дерлік талқыланды.

Инженер кездесуде Қазақстанның осы саладағы бірегей тәжірибесімен де бөлісті. Ол еліміздің уран өндіру бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі екенін және Үлбі металлургиялық зауыты сияқты кәсіпорындар халықаралық нарықта жоғары сұранысқа ие өнім шығаратынын атап өтті.

Маман атом энергетикасындағы қауіпсіздік мәселесіне ерекше тоқталды. Оқушыларға қазіргі заманғы технологиялардың тәуекелдерді барынша азайтып, пайдаланылған отынды қауіпсіз сақтау немесе қайта өңдеуді қамтамасыз ететіні түсіндірілді. Спикер Қазақстан атом энергетикасында халықаралық стандарттар мен үздік тәжірибелерді белсенді түрде енгізіп жатқанын айтты. Ол өз кезегінде елдің тұрақты дамуы үшін маңызды.

Оқушылар бұл тақырып бойынша спикерге белсенді сұрақтар қойып, өздерін қызықтырған сауалға жауап алды.

Кездесу соңында Құмар Аусенов Қазақстанда атом энергетикасын дамыту үшін үлкен әлеуеттің бар екенін және оның энергетикалық қауіпсіздікті нығайтып қана қоймай, ғылыми прогресс, білім беру және тұрақты даму үшін жаңа мүмкіндіктер туғызатынын атап өтті.

Бүгін инженермен өткен кездесуде оқушылар мен ұстаздар тарапынан үлкен қызығушылық болды. Мұндай шара тек еліміз үшін маңызды сала туралы көбірек ақпарат білуге мүмкіндік қана емес, соынмен қатар жастарды ғылым, техника және энергетика саласындағы мамандықтарды таңдауға шабыттандыраты сөзсіз.