«ҚАЭС» ЖШС Бас директоры Тимур Жантикин Қытай ұлттық ядролық корпорациясының (CNNC) Бас экономисі Хуан Миньган мырзамен кездесті
«ҚАЭС» ЖШС Бас директоры Тимур Жантикин Қытай ұлттық ядролық корпорациясының (CNNC) Бас экономисі Хуан Миньган мырзамен атом энергетикасы саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Келелі кездесуде Қазақстандағы АЭС құрылысы бойынша ынтымақтастық, оның ішінде алаңды таңдау және қаржыландыру мәселесі көтерілді.
Қытай ұлттық ядролық корпорациясы Қазақстандағы АЭС құрылысының барлық, атап айтқанда жобалау, құрылыс және пайдалану кезеңдерінде жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.
Хуан Миньган мырза Қытай Қазақстандағы атом энергетикасысаласында үлкен перспективалар көреді және алдағы уақытта стратегиялық серіктестікті дамытуға дайын деді. «Қазақстан атом энергетикасын дамытуда зор әлеуетке ие, біз осы жобаны жүзеге асыру үшін барлық қажетті қолдауды көрсетуге дайынбыз», – деді Қытай ұлттық ядролық корпорациясының (CNNC) Бас экономисі.
Тимур Жантикин өз кезегінде жобаның дұрыс таңдалуы мен барлық құрылыс кезеңдерінің сәтті жүзеге асуының маңыздылығын атап өтті. «Қазіргі кезеңдегі міндетіміз – қауіпсіздік пен тиімділіктің жоғары стандарттарына сәйкес келетін жобаны таңдау. Сондай-ақ, АЭС-ті іске қосуға байланысты қажетті инфрақұрылымды әзірлеу, персоналды даярлау және басқа да маңызды мәселелерді қамтамасыз ету қажет», – деді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ұсынылған бастамаларды жүзеге асыру бойынша бірлескен жұмыстарды жалғастыруға және қажет болатын инвестициялар мен мамандарды тарту мәселелерін алда тереңірек талқылауға келісті.