Меню KDT

Техникалық жұмыстар жүргізілуде

Сайт уақытша қолжетімсіз. Түсіністікпен қарағаныңызға рахмет.

Сайттың барлық бөлімдері
Басты бет / Басты бет Басты бет
Басты бет / ҚАЭС туралы ҚАЭС туралы
Басты бет / Атом энергетикасы Атом энергетикасы
Басты бет / Жобалар Жобалар
Басты бет / Қауіпсіздік Қауіпсіздік
Басты бет / Экология Экология
Басты бет / Қоғам Қоғам
Басты бет / Мансап Мансап

Баспасөз орталығы

«ҚАЭС» ЖШС жаңалықтары, оқиғалары және баспасөз-релиздері

Назад к списку новостей

2024 жылғы 4-6 желтоқсан аралығында «ҚАЭС» ЖШС Бас директоры Тимур Жантикин Қазақстан делегациясының құрамында ФранцияРеспубликасына жұмыс сапарымен барды. Делегацияны ҚР Энергетика министрі Сәтқалиев А.М. басқарды. Сапар атом саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

06.12.2024 в 10:26 daniil.slychenyuk 430 просмотров
 2024 жылғы 4-6 желтоқсан аралығында «ҚАЭС» ЖШС Бас директоры Тимур Жантикин Қазақстан делегациясының құрамында ФранцияРеспубликасына жұмыс сапарымен барды. Делегацияны ҚР Энергетика министрі Сәтқалиев А.М. басқарды. Сапар атом саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
Translator
 
Сапар барысында Сыртқы сауда және шетелдегі француз азаматтарының істері жөніндегі және энергетика жөніндегі министр-делегатпен сондай-ақ Францияның энергетика және климат жөніндегі директорымен кездесулер өтті.
Қазақстан делегациясы Францияның атом саласындағы жетекші ұйымдарымен келіссөздер жүргізді. Олардың қатарында ірі энергия өндіруші компания және атом электр станцияларының операторы EDF, атом электр станциялары үшін жабдықтарды әзірлеуші және өндіруші Framatome және АЭС-ке арналған турбиналық жабдықтарды жеткізуші Arabelle Solutions бар.
Сонымен қатар, күрделі инфрақұрылымдық нысандар, соның ішінде атом электр станциялары үшін инжинирингтік қызметтер, жобаларды басқару және цифрлық шешімдер саласында маманданған Assystem халықаралық консалтингтік компаниясымен кездесу өтті.
Қазақстандық делегация Радиологиялық қорғаныс және ядролық қауіпсіздік институтының (IRSN) дағдарыс орталығы мен атом электр станциялары үшін жабдықтар шығаратын зауытқа болды.
Француз тарапы Қазақстанға атом электр станциясын салу жобасын жүзеге асыруда қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді. Өндірілетін электр энергиясының шамамен 70%-ын атом энергиясы алатын Франция бұл салада әлемдік көшбасшы болып табылады.
Естеріңізге сала кетейік, EDF Қазақстан үшін ядролық технологиялардың әлеуетті жеткізушілерінің қысқаша тізіміне енгізілген.