Меню KDT

Жаңалықтар

КАЭС жаңалықтары мен оқиғалары

«КАЭС» ЖШС-ның Бас директоры Тимур Жантикин Қазақстан делегациясының құрамында Қытай Халық Республикасында іс-сапармен болды

1734410924680121.jpeg

«КАЭС» ЖШС-ның Бас директоры Тимур Жантикин Қазақстан делегациясының құрамында Қытай Халық Республикасында іс-сапармен болды

2024 жылғы 10-13 желтоқсан аралығында Қазақстан делегациясының Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары өтті, оны Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев басқарды.

Делегация құрамында «КАЭС» ЖШС-ның Бас директоры Тимур Жантикин де болды, Бас директор атом энергетикасы саласындағы екіжақты стратегиялық маңызы бар мәселелерді талқылауға белсене қатысты.

Айта кетейік, делегация Қытай Халық Республикасының Энергетика мемлекеттік басқармасының жетекшісі Х. Ванмен және Қытай атом энергетикасы агенттігінің төраға орынбасары Ц. Люмен кездесті.

Тараптар атом энергетикасы, мұнай және газ, энергетика және жаңартылатын энергия көздері саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, Қытай тарапы Қазақстанға АЭС салу жобасын жүзеге асыруда толық қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

Сондай-ақ, қазақстандық тарап ядролық технологияларды жеткізуші әлеуетті компаниялар тізіміне енген Қытай ұлттық ядролық корпорациясының (CNNC) Бас директоры Я. Шенмен келіссөздер жүргізіп, Қытайдың орталық бөлігіндегі «Чжанчжоу» АЭС-ін, HPR-1000 реакторымен салынып жатқан атом электр стансасын; «Shanghai Electric» компаниясының атом энергетикасы саласындағы өндірістік базаларын және Уранды конверсиялау және байыту зауытын аралады.

Еске салсақ, 2024 жылдың 6 қазанында республикалық референдум өтіп, онда азаматтардың көпшілігі атом электр станциясын салу идеясын қолдаған болатын. Бұл шешім еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуын қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам болып табылады.