Меню KDT

Жаңалықтар

КАЭС жаңалықтары мен оқиғалары

«ҚАЭС» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ ТИМУР ЖАНТИКИН SAMSUNG КОМПАНИЯСЫ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

1736483049517760.jpeg

«ҚАЭС» ЖШС Бас директоры Тимур Жантикин Қазақстанда атом электр станциясын салу жобасы аясында серіктестік мүмкіндіктерін талқылау үшін Кореяның Samsung компаниясы өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында жобаның қазіргі жағдайы, жүзеге асыру мерзімі, сондай-ақ білікті кадрларды даярлау және жабдықтарды жеткізу тізбегін тиімді ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Samsung компаниясының Орталық Азиядағы кеңсесінің басшысы Йонг Ку ЛИ (Mr. Young Ku LE) компанияның жобаны жүзеге асыруға қолдау көрсетуге дайын екенін айтты. Ол серіктестіктің маңыздылығын және бірлескен жұмыстың табысты болатынына сенімін білдірді.

Samsung, жоғары технологиялар саласындағы көпжылдық тәжірибесі мен озық әзірлемелерін пайдалана отырып, Қазақстанның тұрақты және қауіпсіз энергиямен қамтамасыз етілуіне ықпал ететін инфрақұрылымды құруға үлес қосуға дайын екенін айтты.

Өз кезегінде, «ҚАЭС» ЖШС Бас директоры Тимур Жантикин осындай ауқымды жобаны сәтті жүзеге асыру үшін қауіпсіздік пен экономикалық тиімділік талаптарына сай келетін оңтайлы жобаны мұқият таңдау қажет екенін баса айтты.