Блогерлер мен журналистерге Ақтау қаласындағы МАЭК-ке пресс-тур ұйымдастырылды.
Блогер, журналистер және Алматы облысының қоғам белсенділері тобы Ақтаудағы Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында болып, кәсіпорынның қызметімен танысты.
Пресс-турды «ҚАЭС» ЖШС, МАЭК және Маңғыстау облысы әкімдігі бірлесе ұйымдастырды.
Пресс-турға қатысушылар әлемдегі бірінші жылдам нейтронды атом реакторы — БН-350 ректор қондырғысының орталық залын аралады. Сонымен қатар реакторды басқару панелі және дозиометриялық бақылау жұмыстарымен танысты.
Блогерлер мен журналистер энергетикалық кәсіпорын мұражайына барды және БН-350 реактор қондырғысында еңбек еткен ардагерлермен кездесті.