Меню KDT

Жаңалықтар

КАЭС жаңалықтары мен оқиғалары

«ҚАЭС» ЖШС жəне KHNP корей компаниясының өкілдері екіжақты ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады

1727681253169652.jpg

Бүгін кореялық Korea hydro & Nuclear Power Ltd. (KHNP) Co компаниясының делегациясы атқарушы вице-президент Insik PARK мырзаның басшылығымен кезекті рет Астанаға жұмыс сапарымен келді.

Сапар аясында корей делегациясы ҚР Энергетика министрлігінің жəне "ҚАЭС" ЖШС басшылығымен жəне қызметкерлерімен кездесті. Тараптар Қазақстандағы АЭС құрылысы жобасының ағымдағы мəртебесі, сонымен қатар құрылыс алаңы, қауіпсіздік жүйелері жəне жабдықтарды тасымалдау мəселелерін талқылады. Сондай-ақ, олар 2023 жылдың соңына дейін Қазақстан мен Корея арасындағы B2B ынтымақтастығын ұйымдастыру шараларын қарастырды.

Кездесу қорытындысы бойынша атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыру туралы келісілді.

Анықтама: KHNP KEPCO-ның еншілес компаниясы болып табылады, ол 21 атом блогын, сондай-ақ 37 су электр станциясын басқарып, иелік етеді. KHNP атом электр станциясы жиынтық қуаты бойынша əлемде 3-ші орынды иеленеді.