Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылында АЭС салу жоспары туралы жария тыңдау өтті
Бүгін Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылында АЭС салу жоспары туралы жария тыңдау өтті. Үлкен орта мектебінің мәжіліс залына 300-ге жуық адам жиналды.
Спикерлер қатарында ҚР Энергетика министрлігі, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС, «Ядролық физика институты» РМК өкілдері және т.б. спикерлер сөз сөйледі. Сарапшылар АЭС-тің қоршаған ортаға, су ресурстарына әсері туралы толығырақ баяндады. Сондай-ақ АЭС-тің техникалық аспектілері, атом электр станциясын салу кезіндегі өңірдің даму перспективалары қарастырылды.
Үлкен ауылының тұрғындары АЭС салу жобасына қолдау білдірді.
Жария тыңдау соңында «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ президенті Бану Нұрғазиева ашықтықты және жұртшылықпен ашық диалогты қамтамасыз ету, мүдделі тараптардың пікірлерін ескеру мақсатында еліміздің басқа өңірлерінде жария тыңдаулар өткізу туралы бастама көтерді