Меню KDT

Жаңалықтар

КАЭС жаңалықтары мен оқиғалары

Астанада АЭХА SEED миссиясы басталды

1727682705047817.jpg

Бүгін Астанада Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Қазақстанда АЭС
орналастыру ауданын таңдау бойынша жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін бағалау «Site
and External Events Design Review Service (SEED) mission» миссиясы басталды. Іс-шараны
ҚР Энергетика министрлігі «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС-мен бірлесіп
ұйымдастырды.
 
Қазақстан тарапынан іс-шараға Энергетика министрлігінің, Төтенше жағдайлар
министрлігінің, Су ресурстары және ирригация министрлігінің, Экология және табиғи
ресурстар министрлігінің, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Ұлттық ядролық орталық» РМК,
«Ядролық физика институты» РМК, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС, сондай-ақ
сейсмология институтының өкілдері қатысуда.
 
Миссия а. ж. 2-6 қазан аралығында өтеді.
 
АЭХА сарапшылары АЭС орналастыру ауданын таңдау бойынша жүргізілген зерттеулердің
нәтижелерін зерделейді және қорытындысы бойынша өз бағалары мен ұсынымдарын·береді.
 
 
 

Бүгін Астанада Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Қазақстанда АЭС орналастыру ауданын таңдау бойынша жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін бағалау «Site and External Events Design Review Service (SEED) mission» миссиясы басталды. Іс-шараны ҚР Энергетика министрлігі «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС-мен бірлесіп ұйымдастырды.

Қазақстан тарапынан іс-шараға Энергетика министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің, Су ресурстары және ирригация министрлігінің, Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Ұлттық ядролық орталық» РМК, «Ядролық физика институты» РМК, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС, сондай-ақ сейсмология институтының өкілдері қатысуда.

Миссия а. ж. 2-6 қазан аралығында өтеді.

АЭХА сарапшылары АЭС орналастыру ауданын таңдау бойынша жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін зерделейді және қорытындысы бойынша өз бағалары мен ұсынымдарын береді.