Шәкәрім университетінде атом энергетикасы тақырыбында көшбасшылық дәріс өтті
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінде «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС Бас директоры Тимур Жантикиннің көшбасшылық дәрісі өтті. Дәріс «Қазақстанда атом энергетикасының даму перспективалары» тақырыбына арналған. Дәріске 150-ден астам студент қатысты.
Сонымен қатар, іс-шараға университеттің Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Мақсат Карибаев, Ғылым департаментінің директоры Шыңғыс Сүлейменов, Инженерлік-технологиялық факультетінің деканы Гүлнұр Нұрымхан, «Техникалық физика және жылуэнергетика» кафедрасының оқытушылары және University of Pannonia (Венгрия) профессоры Татьяна Жузсакова қатысты.