ҚАЭС "World Nuclear Spotlight Kazakhstan"Дүниежүзілік ядролық қауымдастығының конференциясына қатысты
Алматыда Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған "World Nuclear Spotlight Kazakhstan" Бүкіләлемдік ядролық қауымдастығының конференциясы өтті.
Іс-шараға Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) өкілдері, сондай-ақ ENEC (БАӘ), KHNP (Оңтүстік Корея), "Росатом" МК (РФ), Cameco (Канада), Westinghouse (АҚШ), AtkinsRealis (Ұлыбритания), Қытай ядролық өнеркәсіп институты, TENEX (РФ) секілді шетелдік корпорациялардың басшылық құрамы және тағы басқалары қатысты.
Конференцияға қатысушылар атом өнеркәсібінің түрлі аспектілерін, соның ішінде технологиялық инновацияларды, қауіпсіздікті, халықаралық ынтымақтастықты және Қазақстандағы атом энергетикасын дамыту перспективаларын талқылады.
Жабылу салтанатында сөз сөйлеген ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға, спикерлерге және серіктестерге атом өнеркәсібінің негізгі мәселелерін талқылауға белсенді қатысқаны және бағалы үлес қосқаны үшін алғысын білдірді.
Конференцияда қозғалған негізгі тақырыптар:
Ұйымдастырушылар атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы елдердің арасындағы серіктестіктің одан әрі дамитынына үміт білдірді.