Меню KDT

Жаңалықтар

КАЭС жаңалықтары мен оқиғалары

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттерімен Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша кездесу өтті

1727690880277693.jpg

Сондай-ақ бүгін Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті оқытушылар ұжымы мен студенттерінің қатысуымен кездесу өтіп, Қазақстандағы атом электр станцияларының құрылысына қатысты мәселелер талқыланды.

Студенттер мен оқытушылардың назарына Қазақстандағы атом энергетикасының дамуы туралы бейнеролик ұсынылды.

ҚАЭС бас директоры Тимур Жантикин Қазақстанда атом электр станциясын салу жоспарларымен бөлісіп, АЭС-тің еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі стратегиялық маңызды қадам екенін баса айтты.

Атом саласының сарапшылары қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап бере отырып, заманауи ядролық технологиялар қауіпсіз, әрі экологиялық таза энергия көзі болатынына сенім білдірді.