Меню KDT

Жаңалықтар

КАЭС жаңалықтары мен оқиғалары

2024 жылдың 23-29 қыркүйегі аралығында Қытайдың CNNC ұлттық ядролық корпорациясының қолдауымен қазақстандық журналистер Қытайдың атом энергетикасын дамыту тәжірибесімен танысты

1727774412592857.jpg

Баспасөз туры аясында журналистер ең ірі АЭС – Чжанчжоу АЭС және Чыңшан Атом электр станциясында болды, сондай-ақ CNNC және еншілес компаниялардың топ-менеджерлерімен кездесті, Қытайдағы атом энергетикасын дамытудың одан әрі жоспарлары туралы толық ақпарат берілді сондай-ақ тілшілер Shanghai Electric энергетикалық және өнеркәсіптік жабдықтардың ең ірі қытайлық өндірушісінің кеңсесінде болды. Анықтама: CNNC – атом энергетикасы саласында (уран өндіру және байыту, ядролық отын және атом энергиясын өндіру, Қытайда және шетелде атом электр станцияларын жобалау және салу) жұмыс істейтін ірі мемлекеттік корпорация. Корпорация мен оның 110 еншілес ұйымында 100 мыңға жуық қызметкер жұмыс істейді.