Меню KDT

Жаңалықтар

КАЭС жаңалықтары мен оқиғалары

ЕЛОРДАНЫҢ ЕҢ ҮЗДІК ЖАС ФИЗИГІ АНЫҚТАЛДЫ

1728452400297988.jpeg

Бүгін «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС ұйымдастырған «АТОМ ДАНЫШПАНЫ» зияткерлік ойынының қорытындысы бойынша елорданың үздік жас физигі анықталды. «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС жоғары сынып оқушыларының арасында ғылымның қызықты және болашағы зор саласы: ядролық физика және атом энергетикасы туралы хабардар ету, сондай-ақ ғылым мен білім, техника мен заманауи технологияға деген қызығушылықты арттыру мақсатында көпшілікке жақсы таныс «XXI ғасыр көшбасшысы» телешоуының форматы бойынша «Атом данышпаны» іс-шарасы ұйымдастырылды. Осы бағытта елорданың ең зерделі алты оқушысы өз білімдерін сарапқа салды. Шара соңында қатысушылар ойын серіктесі «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ бағалы сыйлықтарымен марапатталып, бас жеңімпаз «Ядролық физика институты» РМК Астана филиалында ғылыми тағылымдамадан өтуге жолдама алды.