«ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТОМ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРЫ» ЖШС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Бүгін атом саласы қызметкерлері күніне орай Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев саланың дамуына зор үлес қосып жүрген еңбеккерлерді марапаттады. «ҚАЭС» ЖШС Бас директоры Тимур Жантикин және «ҚАЭС» ЖШС Бас директорының орынбасары Ринат Оқасов «Атом саласының үздігі» медалімен марапатталса, қалған үздік қызметкерлер Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды. Марапат алған әріптестерімізді құттықтаймыз. Еңбектеріне табыс, жұмыстарына жеміс, жаңа жетістіктер мен жаңа жеңістер тілейміз.