Меню KDT

Жаңалықтар

КАЭС жаңалықтары мен оқиғалары

KazAtomExpo Ядролық технологиялардың алғашқы халықаралық көрмесі

1728468242396464.jpg

KazAtomExpo - бұл Қазақстандағы ядролық технологиялар мен атом саласының дамуына арналған ең ауқымды іс-шара. Көрме Қазақстанның атом өнеркәсібі және энергетикасы саласындағы әлеуетін, сондай-ақ атомның ғылыми тұрғыдағы соңғы жетістіктері мен тың технологиясын интеллектуалдық жаңа деңгейге шығуын көрсетуге бағытталған. Сондай-ақ, бұл көрме отандық және халықаралық сарапшылар арасында зор тәжірибе алмасу алаңына айналады. Бұл атом өнеркәсібінің қазіргі заманауи жағдайы және оның АЭС құрылысы түріндегі жаңа деңгейге өтуге дайындығы талқыланатын бірінші іскерлік алаң. Көрмеде «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰК» АҚ, «Ядролық физика институты» РМК, «Ұлттық ядролық орталық» РМК, «Ядролық технологиялар паркі» АҚ, «KARLSKRONA LC AB» сияқты Қазақстанның атом өнеркәсібі саласындағы жетекші компаниялардың стендтері қойылып, атом энергетика саласының қазіргі жағдайы мен келешегі көрсетіледі. Сондай-ақ, аталмыш көрмеде атом саласына қажетті мамандарды даярлайтын еліміздегі ЖОО-дарының ғылыми және кадрлық әлеуеті көпшілік назарына ұсынылады. Қазақстанға АЭС салуға ниетті технология жеткізуші – Сhina National Nucler Corporation, Korea Hydro & Nuclear Power Co, Électricité de France, «Росатом» МК сынды шет елдік беделді компаниялар қатысады. Олар өз кезегінде атом саласында қолданатын жаңа технологиялары мен жетістіктерін, ағымдағы жобалары мен жоспарларын жұртшылыққа кеңінен таныстырады. Іскерлік бағдарлама барысында ғалымдар мен сарапшылар атом саласын дамытудың ең өзекті мәселелерін талқылайды. Осылайша, қауіпсіз әрі сенміді энергия көзі атом энергетикасы саласындағы хас мамандар бірлесе халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды көздейді.