Тимур Жантикин «NPP Expo & Summit 2024» Стамбул саммитінде спикер ретінде сөз сөйледі
Стамбулда NPP Expo & Summit 2024 өтті, онда спикер ретінде «KNPP» ЖШС Бас директоры Тимур Жантикин баяндама жасады. Орталық Азияның жаһандық энергетикалық нарыққа қосқан үлесі және атом энергетикасына көшу арқылы энергетикалық теңгерімді әртараптандыру жолдары талқыланған «Ядролық энергетика Орталық Азияның энергетикалық кешенінің бөлігі ретінде» панельдік сессиясы барысында Тимур Жантикин Қазақстан Республикасындағы атом энергетикасының қазіргі жағдайы туралы тұщымды баяндама жасап, келелі кеңеске жиналғандарға ақпарат берді.
Саммитті Түркия Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлігі, Түрік ядролық өнеркәсібі қауымдастығы және Жаңа ядролық бақылау институты (NNWI) зерттеу орталығы ұйымдастырды.
Аталған жиынға 300-ден астам компания мен 20 елден 1200-ден астам қатысушы қатысты.
Бұл өз кезегінде халықаралық іс-шараның маңыздылығы мен жаһандық ауқымын көрсетеді.