Халықаралық туризм және меймандостық университетінің студенттерімен Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша кездесу өтті
Сондай-ақ бүгін Түркістан қаласында Халықаралық туризм және меймандостық университетінің оқытушылары мен студенттерімен кездесу өтті.
ҚАЭС бас директоры Тимур Жантикин және басқа да сарапшылар атом электр станциясын салу жобасы мен оның ел экономикасына тигізетін пайдасы туралы егжей-тегжейлі баяндап берді.
Жиынға қатысушылардың белсенділік танытқаны сонша, олар кездесу аяқталғаннан кейін де сұрақтарын қоюды жалғастырды.