АЭС салу мәселесі бойынша жария талқылау Қостанайда өтті
Қостанайда «Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша жария талқылау» өтті. Іс-шара Қостанай облысының Азаматтық альянсының бастамасымен ұйымдастырылды.
Талқылауға атом саласының сарапшылары, жергілікті мәслихаттардың депутаттары, қоғамдық кеңестердің, ардагерлер кеңесінің, үкіметтік емес ұйымдардың, энергетика саласының өкілдері, өңірдің белсенді азаматтары қатысты.
Қостанай облысының тұрғындары атом станциясының қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етілетініне, атом электр станциясының құрылысы экологияға әсер етпейтініне қызығушылық танытты. Сондай-ақ, атом электр станциясында жұмыс істеу үшін кадрлардың болуы туралы сұрақтар қойылды. Атом саласының сарапшылары жергілікті тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, заманауи ядролық технологиялардың қауіпсіздігі мен тұрақтылығына назар аударды.