Меню KDT

Жаңалықтар

КАЭС жаңалықтары мен оқиғалары

Бүгін «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС қызметкерлері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында офлайн-семинарға қатысты

1731322750791935.jpeg

Климаттың өзгеруі, ластану және табиғи ресурстардың сарқылуы сияқты жаһандық экологиялық сын-қатерлер жағдайында табиғатқа саналы көзқарасты барлық деңгейде дамыту маңызды

 

Бүгін «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС қызметкерлері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында офлайн-семинарға қатысты. «Халықтың экологиялық мәдениетін көтеру» тақырыбындағысеминарды эколог Бекберген Дүйсенбайұлы жүргізді.

 

«Бұл саладағы білім ерте жастан бастап өмір бойы үздіксіз және қолжетімді болуы керек. Бұл табиғат туралы білімді қалыптастыруға ғана емес, сонымен қатар экологиялық жауапкершілікті, белсенді азаматтық ұстанымды және қазіргі экологиялық мәселелерді шешуге қажетті дағдыларды дамытуға ықпал етеді. Экологиялық білім беру бағдарламаларын құру және енгізу қоршаған ортамен тиімді қарым-қатынас жасай алатын және оны болашақ ұрпақ үшін сақтай алатын қоғам құруда маңызды қадам болып табылады. Экологиялық білім халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда шешуші рөл атқарады», - деді эколог өз сөзінде.

 

Айта кетсек, экологиялық мәдениетті дамыту келесі қағидаттарға негізделеді: әрбір адамның қоршаған орта жағдайына деген саналы және жауапкершілікпен қарауы, оны қорғауға бағытталған шараларды қабылдауы; экологиялық білім берудің жүйелілігі; экологиялық ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігі және қоршаған ортаны қорғауға қатысты шешімдер қабылдауға қоғамның қатысуы; тұрақты даму қағидаты; тұрақты дамудың экологиялық негіздерін экономикалық және әлеуметтік қызметтің барлық салаларына енгізу.

Табиғатқа деген қамқорлық және өзіміз туып өскен, тұрып жатқан қала/аудан/ауылдың тазалағы әрбірден кейін әрқайсымыздың өзімізден басталады.

Бұл орайда «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС қызметкерлері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында барлық іс-шараларға белсене қатысады. Айталық, жақында ғана компания қызметкерлері ағаш отырғызып, қаланы көгалдандыру жұмыстарына бір адамдай ат салысты.

Ақпарат: «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі экологиялық жағдайды жаппай сенбіліктер, қоқыстарды жинау, аумақтарды көгалдандыру және халықты ағарту арқылы жақсартуға бағытталған бастамасы болып табылады. Акция аясында республикамыздың түрлі қалалар мен ауылдық елді мекендердің тұрғындары, еріктілер, мемлекеттік құрылымдар мен бизнес-қауымдастық өз елін таза және жасыл ету үшін экологиялық іс-шаралар өткізуде. Экологиялық акцияны тиімді идеологиялық сүйемелдеу үшін апта сайын «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ» және «Мөлдір бұлақ» тақырыптық бағыттары ұйымдастырылды.