Меню KDT

Жаңалықтар

КАЭС жаңалықтары мен оқиғалары

«Ядролық-энергетикалық бағдарлама үшін менеджмент жүйелеріне кіріспе» тақырыбындағы семинар өз жұмысын бастады

1734410365569152.jpeg

Астанада 2024 жылдың 10-12 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС бірлесіп ұйымдастырған Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі (АҚХА) «Ядролық-энергетикалық бағдарлама үшін менеджмент жүйелеріне кіріспе» тақырыбындағы семинар өз жұмысын бастады.

Семинарға Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК, «Ядролық физика институты» РМК, «Самұрық-Қазына» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «KEGOC», «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС және «МАЭК» ЖШС өкілдері қатысуда.

Семинардың мақсаты – ядролық энергетика бағдарламалары үшін басқару жүйелері саласында қатысушыларға негізгі білім мен дағдыларды беру. Бұл өз кезегінде тиімді басқару процестері мен халықаралық қауіпсіздік стандарттарын сақтау үшін қажет. Аталған іс-шараға қатысу мамандардың кәсіби дайындығын арттыруға ықпалы мол сондай-ақ, бұл шара Қазақстандағы атом энергетикасын дамыту стратегиясын іске асыруда маңызды рөл атқарады.

ҚР Энергетика министрлігі атом энергетикасы және өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары Гүлмира Мұрсалова өзінің алғы сөзінде: «Бұл семинар Қазақстанда атом энергиясын бейбіт пайдалану мәселелерін зерттеуде аса маңызды қадам болып табылады. Біз халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, тәжірибе алмасуды дамыта отырып, қауіпсіздікті, тиімділікті және тұрақтылықты қамтамасыз етуге ұмтыламыз. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін», – деп атап өтті.