«Ядролық-энергетикалық бағдарлама үшін менеджмент жүйелеріне кіріспе» тақырыбындағы аэха семинары өз мәресіне жетті
«Ядролық-энергетикалық бағдарлама үшін менеджмент жүйелеріне кіріспе» тақырыбындағы аэха семинары өз мәресіне жетті
Шараға қатысушыларға үш күн бойы атом энергетикасындағы процестерді басқару саласы бойынша негізгі білім мен дағды ұсынылды. Бұл өз кезегінде халықаралық қауіпсіздік стандарттарын сақтау және басқаруды тиімді арттыру үшін қажет.
Бүгін семинардың соңғы күнінде қауіпсіздік, қорғаныс және ұйымдарда қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мәселесі көтерілді.
Сондай-ақ, семинар қатысушылары атом саласындағы адам ресурстарын тиімді басқарудың тәсілдерін талқылады.
Тек теориялық емес, практикаға да ерекше назар аударылды. Практикалық бөлімде басқару жүйелерін енгізу бойынша жаттығулар жасалды, ол қатысушыларға алған білімдерін нақты жағдайда жүзеге асырудың негізгі тәсілдерін түсінуге көмектесетін құрал.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау басқармасының басшысы Қанат Тұяқбаев АЭХА сарапшыларына жоғары кәсібилігі үшін алғысын білдіріп, қатысушыларға белсенділік танытқандары үшін алғысын жеткізді.
«Семинар Қазақстанда атом энергетикасын одан әрі дамыту үшін қажетті білім алу мен тәжірибе алмасу үшін маңызды алаң болды», — деді ол.
АЭХА сарапшылары өз кезегінде қатысушылардың жоғары қызығушылығын және іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылуын атап өтіп, алынған білімнің тәжірибеде табысты қолданылатынына сенім білдірді.
Семинар атом энергетикасы саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту мен сала мамандарының біліктілігін арттыруда маңызды қадам болды.