Атом әлемі шақырады!
Бұл шара еліміздің өндірістік және еңбек саласындағы мамандықтарды дәріптеуге арналған ерекше бастама болып табылады.
Аталған шараға «ҚАЭС» ЖШС компаниясы да қатысты. Компания өз жұмысын және атом энергетикасының болашағын таныстырып, болашақ мамандарға қажетті білім мен дағдыларды қалай дамыту керектігі жөнінде кеңестер берді.
Сондай-ақ,«ҚАЭС» ЖШС өз қатысушыларына атом саласындағы жаңа мүмкіндіктер мен тұрақты даму жолдарын көрсетті. Бұл бастамалар Қазақстанның еңбек нарығындағы жаңа мүмкіндіктер мен технологияларды меңгеруге деген ұмтылысын көрсетеді.
Атом саласының болашағы жарқын екені сөзсіз, демек бұл жаңа бастама, жастарды ғылым мен техникаға қызықтырып, таза энергияға жаңа жол ашуға ықпал етеді.
Қатысушыларды болашақтың қуатты энергия көзімен таныстыру – тек қана білім алу емес, сонымен қатар ұлттың экономикасын дамыту жолындағы маңызды қадам!